"Дана көшбасшы бірінші елдің қамын ойлайды" - Трамп БҰҰ-да не деді?

"Дана көшбасшы бірінші елдің қамын ойлайды" - Трамп БҰҰ-да не деді?

Құрама Штаттар «үздіксіз соғыстар» саясатын доғарып, мемлекеттермен бәсекелестік емес әріптестік орнатуға ниетті. Алайда «Бәрінен бұрын Америка» деген ұстаным бірінші кезекте. БҰҰ 74 сессиясының мінберінен сөйлеген Трамп осылай деді. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

«Дана көшбасшылар бірінші кезекте өз халқы мен елінің игілігін алға қояды», - деді Ақ үй басшысы. Трамптың сөзінше, «болашақ жаһаншылардың емес, патриоттардың қолында».

Трамп Дүниежүзілік сауда ұйымына «айтарлықтай өзгерістер» қажет екенін атап өтті. «АҚШ Қытайдың ДСҰ-ға кіруі салдарынан 60 мың өндіріс орнын жоғалтты, басқа елдерде де осындай жағдай болды. ДСҰ-ға айтарлықтай өзгерістер керек: әлемнің екінші экономикасы дамушы деп аталмауы тиіс, әрі басқалардың жүйесін пайдаланбауы қажет», - деді Трамп.

«Брекситке» қатысты пікір білдірген Трамп оқиғаның беталысын «сұмдық» деді. БҰҰ Бас ассамбелясы барысында британиялық премьер Борис Джонсонмен кездескен ол оны Еуроодақтан «шығу қолынан келетін жалғыз адам» деп атады. Осылайша АҚШ президенті Британия Еуроодақты тәрк ететін болса, АҚШ пен Корольдік «керемет сауда келісімін жасайтынын» және «бұл мәміле қос мемлекетке айтарлықтай табыс әкелетінін» алға тартты.

Санкциялық тізімдерде тілге тиек еткен Ақ үй басшысы Тегеран өз саясатын өзгертпейінші Иранға санкциялар күшейе беретіндігі және Венесуэлаға қатысты санкциялар тізімі кеңейетіндігін хабарлады.