Пәкістанда жер сілкінісінен 22 адам қаза тапты
Пәкістанда жер сілкінісінен 22 адам қаза тапты
102
оқылды

Пәкістанда елдің шығысында 5,8 магнитудалы болған жер сілкінісі салдарынан 22 адам қаза тауып, жүздегені түрлі дене жарақаттарын алды. Бұл туралы Azattyq хабарлайды.

АҚШ-тың геологиялық қызметінің ақпарына сәйкес, сілкіністің эпицентрі Мирпур қаласының маңында болған.

Пәкістан әкімшілігіне қарасты ақпарат министрі Муштаф Минас ғимараттардың қабырғалары ажырап, құлағандықтан 22 адамның қаза тапқанын, олардың қатарында әйелдер мен балалар барын айтты.

Минас билік зардап шеккендерді «тамақ, киім-кешек т.б қажеттіліктермен қамтамасыз етіп жатқанын» хабарлады. Пәкістан әскері зардарп шеккендерге арнайы көмек беретін әуе және медициналық топтың жұмылдырылғанын хабарлады.

Куәгерлердің сөзінше жер сілкінісі Пәкістан астанасы Исламабадта да байқалған.