COVID-19-ға қарсы вакцина салынған волонтер белгісіз ауруға шалдықты
COVID-19-ға қарсы вакцина салынған волонтер белгісіз ауруға шалдықты
Фото: Интернеттен алынды
149
оқылды
Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы COVID-19-ға қарсы вакцинаға клиникалық сынақ жүргізуді уақытша тоқтатты. Себебі сынаққа қатысқан волонтердің бірінен белгісіз ауру анықталған. AstraZeneca сынаққа қатысқан адамның бірі ауырып қалғандықтан, жұмысты тоқтата тұру  қалыпты әдіс деп түсіндірді. Қазір коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеумен әлемнің ондаған зерттеу орталықтары айналысып жатыр. Алайда ең үлкен үміт Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясында еді. Өйткені аталған мекемелер үш клиникалық сынақтың екі кезеңінен сәтті өтті. Үшінші кезеңге Ұлыбритания, АҚШ, Бразилия және өзге елдерден   50 мыңға жуық адам қатысады. Тестілеудің үшінші кезеңінде ғалымдарға мыңдаған еріктілер қажет және бұл процесс бірнеше жылға созылуы мүмкін.
«Оқиға алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Бүкіл әлем күтіп отырған вакцина сынаққа қатысушының жағымсыз реакциясына байланысты тоқтатылды. Алайда бұл дәрі-дәрмектерді сынау кезінде болатын дүние», – деді ВВС-нің медицина жөніндегі тілшісі Фергюс Уолш.
Еxclusive.kz-тің жазуынша, вакцинаны тестілеуді қайта бастау туралы соңғы шешімді британдық денсаулық сақтауды қадағалау қызметі қабылдайды.