Алматыда №4 қалалық клиникалық емханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев екі айға тұтқындалды. Sputnik Kazakhstan ақпарынша оны бес жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Пластикалық хирург 22 жастағы Алматы қаласының тұрғынының өліміне себепкер болуы мүмкін. 22 қыркүйекте Алматы қалалық соты хирургты қызметін кәсіби тұрғыда салғырт атқарды деп айыптаған еді. Тезекбаев уақытша қызметінен шеттетілді.
Ұлттық медицина ассоциациясы іске қатысты материалдарға қол жеткеннен кейін шешім қабылдайды.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі ақпаратты әлі тексеріп жатқандарын хабарлады.
Егер күдікке ілінген дәрігердің айыбы расталса, оны бес жылға дейін бас бостандығынан айырады. Ол аталған салада үш жылға дейін қызмет ете алмайды.