Елорда мен 6 өңірде ескерту жарияланды
Елорда мен 6 өңірде ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
60
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 11 қыркүйекте түнде Нұр-Сұлтан қаласында топырақ бетінде -1 градус үсік күтіледі. 11 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады. 11 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде -1-3 градус үсік күтіледі. 11 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болады. Шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күшейеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. 11 қыркүйекте түнде Павлодар облысында тұман болып, топырақ бетінде -1-3 градус үсік жүреді. 11 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде -1-3 градус үсік сақталады. 11 қыркүйекте күндіз, 12 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 11, 12 қыркүйекте Жамбыл облысында тауда найзағай күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады.