Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Елбасы елорданың әлеуметтік-мәдени нысандарымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Қазақстанның келбетіне айналған елорданың даму мәселесіне ерекше назар аударды.

Рая Мінап
Қыркүйек 10, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Елбасы елорданың әлеуметтік-мәдени нысандарымен танысты
19
қаралым

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қазақстанның Тұңғыш Президентін қаланың әлеуметтік-мәдени нысандарымен, инфрақұрылымды жаңғырту, қолайлы өмір сұруге жағдай жасауды кезеңмен іске асыру жоспарымен таныстырды, – деп жазады elbasy.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаланың әлеуметтік-мәдени нысандарының құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру және өмір сүруге қолайлы жағдай жасау саласындағы міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарын ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Қазақстанның нышанына айналған елорданың дамуына әрдайым ерекше мән беретіндігін атап өтті.

Тұрғындар ұсынысы әрқашан ескеріледі

Елбасы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Жетістігі мол жетекші партия

– Жиырма екі жылдың ішінде елорда әкімшілік, іскерлік, экономикалық, мәдени және саяси орталыққа айналды. Бастапқы бас жоспарларда қала тұрғындарының санын 1 миллион 200 мың адамға жеткізу 2030 жылға қарай көзделген еді. Бұл көрсеткішке 10 жыл бұрын ерте жеттік. 1997 жылмен салыстырғанда қала халқының саны төрт есе өсті, – деді Елбасы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев елорданың экономикалық дамуын атап өтті.

– Жалпы, 22 жылдың ішінде жаңа астананың дамуына мемлекеттен бөлінген әрбір 1 теңге республикалық бюджетке 2,8 теңге болып қайтарылды. Бес жылдан бері бас қала республикалық бюджет доноры аймақтарының қатарында, – деді Елбасы.

Сонымен бірге шағын және орта бизнес, құрылыс саласы елорданың даму драйверіне айналғаны атап өтілді.

– Қала экономикасының 55 пайызын шағын және орта бизнес құрайды. Жыл сайын 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады, оның 70 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. Сонымен қатар елорда құрылыс секторының көшбасшысы. 1997 жылдан бері 26 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Осы жылдардың ішінде елорда білім беру хабына, мәдени орталыққа және медицина кластері дамыған қалаға, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерін біріктіру арқылы маңызды көлік және транзиттік хабқа айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың даму жолында жетістіктермен қатар, азаматтарды толғандыратын мәселелер де бар екенін атап өтті. Олардың ішінде – үлескерлері бар құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер; үш ауысымдағы және оқушылар саны көп мектептер; жауын су ағатын кәріз жүйесі; қоғамдық қауіпсіздік мәселелері және тағы басқалары.

– Елорда әкімдігі мәселелерді үнемі бақылауда ұстап, азаматтардың өтінішіне жедел жауап беруі керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар Елбасы елорда басшылығының алдында Үкіметпен бірге тұрғындар мен қонақтардың жайлы өмір сүруі үшін қаланың инфрақұрылымын жақсарту бойынша бас жоспар мен даму жоспарын жүзеге асыру міндеті тұрғанын атап өтті.

– Жалпы, мен стратегиялық міндеттерді шешуді қамтитын даму жоспарын қабылдаймын. Елорда өмір сүруге және іскерлік белсенділікке қолайлы қала ретінде дами беруі керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Түркістан қаласында салынып жатқан Қазақ хандығының тарихына арналған мемориал жобасымен таныстырды.

 
Тегтер: дамуЕлбасыЕлордаКөлгінов
Алдыңғы жаңалық

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасын Қазақстанда өзгертуге қатысты пікір білдірді

Келесі жаңалық

Жастарға мамандық таңдауды үйрету керек

Ұқсас жаңалықтар

Алматы жастары, баспана, пәтер, үй, жұмыс
Жаңалықтар

Баспана алу үшін «Алматы жастарына» өтінім қабылдау басталады

Наурыз 3, 2021
жастар
Әлеумет

Жастар Zhas Project қаржысын жымқырды ма?

Наурыз 3, 2021
Ұлытау
Жаңалықтар

«Ұлытау» әлемдік байқауда 1-орын алды

Наурыз 3, 2021
Көлік апатынан 6 адам көз жұмды
Жаңалықтар

Көлік апатынан 6 адам көз жұмды

Наурыз 3, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Баспана алу үшін «Алматы жастарына» өтінім қабылдау басталады

Наурыз 3, 07:31

Жастар Zhas Project қаржысын жымқырды ма?

Наурыз 3, 07:30

«Ұлытау» әлемдік байқауда 1-орын алды

Наурыз 3, 07:00

Көлік апатынан 6 адам көз жұмды

Наурыз 3, 06:50

3 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 3, 06:48

Мереке қарсаңында партиялық билет алды

Наурыз 3, 06:40

Қысым көрген оқушы өз-өзіне қол жұмсады

Наурыз 3, 06:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы жастары, баспана, пәтер, үй, жұмыс

Баспана алу үшін «Алматы жастарына» өтінім қабылдау басталады

Наурыз 3, 2021
жастар

Жастар Zhas Project қаржысын жымқырды ма?

Наурыз 3, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»