Айтаханов неден мүлт кетті?
Айтаханов неден мүлт кетті?
Осы­дан бір жарым жыл бұрын Шымкентке республи­калық маңызы бар қала мәр­тебесі бе­рілді. Жер көлемі 40 мың­­­нан 117 мың гектарға ұл­­ғай­­ған үшінші мегаполиске Сайрам, Төлеби және Ор­да­ба­сы аудандарынан 41 елді ме­кен қосылды. Қала көле­мі­­нің ұлғаюына байла­нысты жаңадан Қаратау ау­да­ны құ­­рыл­ды. Әрине, осы­лайша ше­карасы 3 есеге артқан ша­һардың жұмыс ауқымы, проб­лемасы да осыншаға кө­бейетіні белгілі. Қала хал­қы Шымкенттің мегапо­лис болғанына қуанғаны­мен, шеткі аумақтардағы қалаға жаңадан қосылған ауылдар­дың мәселесі шаш етектен еді. Осы бір жарым жылдың ішін­де мега­полисте 3 әкім ауысты. Рес­пуб­ликалық қала мәртебесін қа­был­дап алған сол кездегі қала бас­шысы Нұрлан Сауранбаев ертесіне-ақ қала тізгінін қайтадан осыдан 7 ай бұрын әкім болып кеткен Ғабидолла Әбдірахымовқа тапсырды. «Зың әкім» атауымен танымал болған Әбдірахымов та бұл орынтақта ұзақ отырған жоқ. Бір жылдан кейін-ақ қызметтен түсіп қалды. Жұрт оның тақтан таюын Лондонға барған жұмыс сапары кезінде ресми келіссөзден соң Instagram желісі арқылы сол жақтан сәлем жолдап, барша жұртты Қазақстанда еңбек етіп, шетелде демалуға шақырған бейне­жазбасынан опық жеді деп қабылдады. Шымкентке ал­ғаш әкім болып келгенде «Шымкентті Лас Вегас сияқты гүлдендіремін» деп батысты аңсап келген «болашақтық» әкімнің Шымкенттегі тағдыры ақыры батыспен ұштасып аяқ­талды. Ал осыдан 6 ай бұрын алып шаһарға кезінде халқының саны жағынан еліміздегі ең үлкен облыс саналатын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, одан соң осы өңірдегі Отырар ау­данының әкімі қызметін атқарған Ерлан Айтаханов келді. Жақында Ерлан Қуанышұлы қызметінен кетті. Ал енді әу бастан көңілді, руханиятқа бүйрегі бұрып тұратын жылы жүзді әкімге мәртебелі орынтақта ең болмаса неге 1 жыл отырмады? Жұрттың әңгімесі сан-сақта... Ол қай жерден мүлт кетті? Ерлан Қуанышұлы миллион халқы бар мегаполиске басшы болып отыра салысымен, ал­ғаш­қы жұмысын шалғай елді мекен тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысудан бастады. Қалаға жаңадан қосылған Испиджаб, Игілік, Жаңаталап және Сайрам елді мекені тұр­ғын­дарымен кездесу өткізіп, олар­ды толғандырып отырған проб­лемаларға ден қойды. Респуб­ликалық маңызға ие ме­­гаполис халқының сапалы ауызсу, табиғи газ, электр қуаты, жол, кәріз жүйелерінің жет­кі­­лік­сіздігі, қоғамдық көлік мә­селесінде әлі де түйткілді тұс­тардың көп екеніне көз жеткізді. Қала әкімі осынау өзекті мәсе­ле­л­ерді шешу жолындағы өзінің жоспарларымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты таныс­тырып, Мемлекет басшысынан едәуір тапсырмалар алып қайтқан болатын. Келген соң аудан әкімдеріне әр ауданды секторға бөліп, әлеуметтік карта әзірлеуді тапсырған. Республикадан осы тапшылықтарды жою үшін 6,2 млрд теңге қосымша қаржы алуға қол жеткізді. Осылайша, республикалық қала болғалы алғаш рет қар­жы 2020 жылға реттеліп, бюд­жет көбейді. Әр ауданға инфрақұры­лымын жақсарту үшін 1 млрд тең­геден қаржы берілмек. Ендеше Е.Айтаханов шалғай елді мекендердің проблемасына көз­жұма қарады дей алмаймыз. Ол аймақтар үшін 2020 жылға шама-шарқынша қаржы қарастырып, биыл жұмысқа білек сыбана кіріспек болған. Шыны керек, Ерлан Қуаныш­ұлы­ның алып шаһардан ке­тіп қал­ғаны шымкенттік шайыр­лардың жанына батты. Әдебиетсүйер қауым үшін руханиятшыл әкімнің әрекеттері сүйкімді болатын. О бастан өзінің Facebook әлеуметтік парақшасына ғұламалардың сөзін салып отыратын Ерлан Айтаханов Шымкенттің басты көшелеріне қазақтың ойшылдары айтқан ұлағатты сөздерін дәріптеп, 70-ке тарта билборд орнатты. Бүгінде қала көшелерінен өтсеңіз, билбордтардан «жалаңаш» жарнамалар емес, әдемі, тәрбиелі мәні зор мағыналы сөздерді оқисыз. Бұл – Айтаханов туралы айтқанда алғаш еске түсетін жайт. Одан соң айналасы 1-2 айда ақын-жазушылармен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, олардың мұң-мұқтажына құлақ асты.  

Айтқандай, Әбдірахымовты «зың әкім» деп атап кеткен қала­лық­тар Айтахановты «қайырымды қаланың әкімі» деп есте сақтайтын болды. Әбу Нәсір әл-Фараби ба­бамыздың «Қайырымды қаланың тұрғындары» атты белгілі филосо­фиялық еңбегіне сүйене отырып, Шымкент қаласына «Қайырымды қала» деген балама атау беруді ұсынған да осы Айтаханов бола­тын. Бүгінде қаладағы кез келген қайырымды іс осы хэштекпен беріліп жүр. Арнайы логотип те жасалған.

  Қала басшысының баста­масымен ақын-жазушылардың өлеңдері қала көшелеріне ілініп, жас ақындардың антологиясы жарық көрді. Ал жуырда «Жеңіс» саябағында әдеби-мәдени «Мәр­тебелі поэзия мінбері» бұры­шы ашылды. Поэзия бұрышында алдағы уақытта қала тұрғындары арасында мәдениетті насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақын­дармен кездесулер, шы­ғар­машылық іс-шаралар мен философиялық лекциялар ұйым­дастырылу көзделген. Сонда қала әкімі: «Кез келген адамның көкейде жүрген сұрақтарына өлеңнен жауап табуына осы поэзия мінбері мұрындық бо­лады деп ойлаймын» деп пікір білдірген. Айтқандай, Әбдірахымовты «зың әкім» деп атап кеткен қала­лық­тар Айтахановты «қайырымды қаланың әкімі» деп есте сақтайтын болды. Әбу Насыр әл-Фараби ба­бамыздың «Қайырымды қаланың тұрғындары» атты белгілі филосо­фиялық еңбегіне сүйене отырып, Шымкент қаласына «Қайырымды қала» деген балама атау беруді ұсынған да осы Айтаханов бола­тын. Бүгінде қаладағы кез келген қайырымды іс осы хэштекпен беріліп жүр. Арнайы логотип те жасалған. Сонымен қатар Айтахановтың тұсында қала көшелеріндегі қоқыс мәселесінде жиі дау шы­ғып, оны тазарту шаралары да белсенді атқарылды. Ал қаланың облыспен бөлінгелі бері тоқтап қалған ауыл шаруа­шылығы өнім­дерінің жәрмеңкесі биылғы күзде Ерлан Қуанышұлының бастамасымен қайта қолға алын­ды. Шаһар басшысы бұл бағытта Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп әр апта­ның сенбі күндері Шым­кент­ке әр ауданның диқаны мен кәсіп­керлерінің өнімдерін әкелуді ұйымдастырды. Қарап отырсаңыз, әкім осы уақыт аралығында біраз тірлікті жайғаған сияқты ғой. Ендеше жоғары жаққа несімен жақпай қалды екен? Иә, мегаполистің тірлігі бір идеологиямен шешілмейтіні тағы белгілі. Шыны керек, Е.Айтаханов идеология саласын мықтап қолға алғанымен, шаһардың инвестициясы мен экономикасына тіс батыра алмады-ау. Ол өзінің зиялы қауым өкілдерімен болған кез­десуінде «Құлдыраған кез келген экономиканы аяққа тұр­ғызуға болады. Ал руханият бір шайқалса, оның зардабы ғасыр­лар­ға созылуы мүмкін» деген бола­тын. Одан бөлек, естеріңізде болса жуырда Шымкент қала­сын­дағы конкурстан өткен 176 салымшының тұрғын үйін әкім­дік Жастар жылына орай жас­тарға беріп жібергені туралы дау шыққан болатын. Әкімдікті жаулап алған салымшылар тиесілі үйлерін қайтарып беруін талап етіп, сол маңда қону жағдайы да орын алды. Әлеуметтік желіде жұрт Айтахановтың кетуін дәл осы тұстан кеткен кемшілік деп жүр. Қалай болғанда да, биліктің әлеуметпен санасуы тиіс еке­ні рас. Біреуге жақсылық жа­сап, екін­шісін ұмытып кетуі тұр­ғын­дардың ашу-ызасын туғызса керек-ті. Сондай-ақ Айтаханов­тың идеологияға басым бағыт бұр­ғандығынан шығар, өзін жар­намалауы жиілеп кеткені де бар. Кез келген тіп­ті кітап­ханадағы жылт еткен жаңа­лық ортасынан да өзінің табылуы, орынбасарларының көрінбеуі тағы бір қателігі болса керек. Ал инвестиция мен индустрияның сол күйі жабық тақырып болып қалғанын жоғарыда айттық. Со­ны­мен, бұрынғы басшының не­ден мүлт кеткенін әркім әртүрлі топ­шылап жүр. Ал біз алты айда атқарған шараларын ғана айтып шықтық. Енді жаңа әкім Мұрат Әйтенов 2020 жылға бекітілген бюджетті тиімді ұйымдастырып, тиісті салаға бағыттайтын шығар деген ниеттеміз. Ең бастысы, қала маңындағы  ауылдардың мәселе­сі аяқ­сыз қалмаса болғаны...    width=Назгүл НАЗАРБЕК,                          Шымкент қаласы