Саммитке дайындық барысын талқылады
Саммитке дайындық барысын талқылады
131
оқылды
Кездесуде Қазақстан мен Ре­сей арасындағы ынтымақтас­тық­тың ауқымды мәселелері қаралды. Президент коронавирус індеті кезінде Ресей Федерациясының Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы елдер ара­сындағы екіжақты және медицина мен денсаулық сақтау салала­рын­дағы халықаралық ұйымдар аясындағы, оның ішінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру шеңберіндегі қарқынды ынтымақтастықты одан ары жал­ғастырудың маңызын атап өтті. Кездесуде сондай-ақ Еура­зиялық экономикалық одақ қызметімен байланысты мәсе­лелер және жоғарғы деңгейдегі ЕАЭО кездесуіне, сонымен қатар, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының алдағы сам­митіне дайындық барысы тал­қыланды.