Праймериз ерекшеліктері талқыланды
Праймериз ерекшеліктері талқыланды
128
оқылды
Коронавирус пандемиясы партия ішіндегі сайлауды өт­кі­зуге өзгеріс әкелді. Осыған орай үгіт-насихат пен дауыс беруге мүмкіндік туғызатын «Прай­мериз» ақпараттық жүйесі әзір­леніп, енгізілгені мәлім. Жүйе көмегінің арқасында нұротандықтар партия базасында мәліметтері бар ЖСН және теле­фон нөмірлері арқылы тір­келе алады. Дауыс беруге тек «Nur Otan» мүшелері ғана қаты­сады. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді. Дауыс беру күні жүйеге тіркелген пар­тия­лық­­тар электрондық бюлле­тень­ге кіру мүмкіндігіне ие болып, дауыс береді. Телефон нөмірі мәліметтер базасында дұрыс көрсетілмеген немесе қызмет көрсетпей жата­тын жағдайлар да кездеседі. Мұн­дай кезде, жүйеге тіркелуге әрекет жасалғанда смс-код басқа нөмірге кетіп қалады. «Nur Otan» партия­сы Ақпараттық техно­логиялар орталығының басшысы Қайрат Нұртаев осындай қиын­дықтар туындап жатса, базадағы мәлі­меттерді жаңарту үшін партияның жергілікті филиал­дарымен ха­барласуы керек еке­нін айтты. Тіркеу кезіндегі туындайтын тағы бір проблема – ұялы теле­фон нөмірі расталғанымен, SMS-кодтың келмей қалуы. «Ондай кезде мобильді бай­ланысыңның операторымен хабарласқан абзал. SIM-картаны сатып алғанда онда автоматты түрде SMS-таратудан бас тарту қызметі тұрса, смс код келмей қалуы да мүмкін», – дейді Қайрат Нұртаев. Сондай-ақ партияда «Прай­мериз» жүйесіне тіркелу мен дауыс беру әр азаматтың өз еркі екені атап өтілді. Кандидат не­месе бастауыш партия ұйымы басшылығы тарапынан қандай да бір қысым жасалса, праймериз барысына қатысты өтініштер мен шағымдарды қарастырып, шешім қабылдайтын «Nur Otan» партиялық бақылау комитетіне арыздану керек. Кез келген азаматтың 8 800 080 44 41 жедел желі телефо­нына немесе 8 700 800 44 41 WhatsApp нөміріне, komek@nurotan.kz элек­трондық пош­тасына, сон­дай-ақ Facebook (Халыққа Көмек) және Instargam (halykkakomek)-ға хабарласу мүмкіндігі қарастырылған. Партияішілік сайлауға қа­тысу үшін 11 мыңдай канди­дат­тың тіркелгені мәлім. Олардың 37% жуығы – әйелдер, 29,6%-ы – 35 жас­қа дейінгі жастар.  

К.НАҚЫП