Солардың бірі балаларға домбыра үйрететін – «Домбыра орталығы». Ол жерде мектеп оқушылары жыл бойы қазақтың ұлттық аспабында ойнауды тегін үйренеді. Сондай-ақ партия мүшелерінің демеушілігімен қалада «Айнабұлақ жекпе-жек орталығы» атты жаңа спорт орталығы жұмысын бастады.
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, жаңа спорт орталығы жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және саламатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік сыйлайды.
– Спортзалдардың сыйымдылығы 500-600 балаға дейін жетеді. Орталық қажетті спорттық құралдармен жабдықталған, ал балалардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы арнайы бақылау бар. Сондай-ақ сол шағынауданда тұратын 12 жаттықтырушы орталықта жұмыс істеу үшін шақырылды, бұл қаладағы жұмыссыздықтың төмендеуіне оң әсерін тигізеді, – дейді С.Канкуров.
Сонымен қатар «Жұмыспен қамту 2020» Жол картасы аясында партияның Алматы қалалық филиалы Көкжиек ықшамауданындағы алаңды жөндеу бойынша жұмыстарды аяқтады. Партия мүшелері шамдарды, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін, балаларға арналған футбол алаңын және балалар ойын алаңын орнатуға демеушілік жасады.
Абылайхан ЖҰМАШ