Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Батыс, Солтүстік Қазақстанда дауыл соғады
Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Батыс, Солтүстік Қазақстанда дауыл соғады
Фото: Интернеттен алынды
273
оқылды
Батыс пен оңтүстікте атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Батыста найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Кейбір аймақта тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екіпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Атырау облысының кей аймағында және Түркістан облысында төтенше өрт қаупі әлі де сақталады.