Ақтауда атыстан бір адам қайтыс болды – видео
Ақтауда атыстан бір адам қайтыс болды – видео
Фото: Интернеттен алынды
Қаладағы №21 үйдің маңайындағы атыс кезінде оқ тиіп жараланған ер адам қайтыс болды, – деп жазады Lada.kz. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, атыс туралы ақпарат полицияға хабар кеше кешкі сағат 19:55 шамасында түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барған. Жарақат алған ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізген. Бірақ ол есін жимастан ауруханады қайтыс болды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Департаменттің баспасөз қызметі аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.   https://youtu.be/Sd8yd_C_9NU