Астықты аймақтардың әлеуеті зор
Астықты аймақтардың әлеуеті зор
168
оқылды
Президент Қостанайда ал­дымен балмұздақ және ашы­тылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің өндірісімен та­нысты. Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тон­на сүт өңдеуге қауқарлы. Кәсіп­орын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30%-ы Ресейдің шекаралас ай­мақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты жұмыс тапқан. Шикізатты облыстағы 12 мыңнан астам жеке шаруа қожалықтарынан сатып алады. Қасым-Жомарт Тоқаев компания­ның өндіріс қарқынын арттыру­дың жоспарын біліп, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи тех­нологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Президент Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты бір­қа­тар міндет қойған-тын. Енді кәсіп­керлерді Жолдауды жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды. – Жолдаудың әр сөзін ой елегінен өткіздім. Бұл құжат менің өз қаламымнан шықты. Артық айтылған ештеңе жоқ, бәрін іске асыруға болады. Барлық басшы­ны, кәсіпкерді Жолдауды толық жүзеге асыруға белсенді атса­лы­суға шақырамын! – деді Қ.Тоқаев. Сондай-ақ ол «Жұмыспен қамту жол картасын» іске асыру мә­селесіне мән берді. – «Жұмыспен қамтудың жол кар­тасы» мемлекет пен Үкіметке қойылған міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан өте маңызды. Бел­гілі себептерге байланысты ше­шімін таппаған көптеген мін­дет қазіргі уақытта осы Жол кар­тасы арқылы орындалуда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы да, әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері де шешімін тауып келеді, – деді Президент. Қасым-Жомарт Кемелұлы Қос­танай облысында «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның астық жинау барысымен де танысты. Президентке егін орағы науқа­нының соңғы кезеңі туралы ақпа­рат берілді. Бүгінге дейін өңірде дәнді дақылдардың 3,1 млн гек­тары немесе 76%-ы жиналған, өнімділігі әр гектардан 10 цент­нер­­ден айналып отыр. Астық жи­науға 9 100 комбайн жұмыл­дырылған, жуық арада дәнді да­қыл­дарды жинау науқаны аяқ­талады. Tokaev Kostanai2 Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарларын өн­­дірушілермен кездесуде аграр­лық саланың табысты дамуы жал­­пы ел экономикасының бәсе­кеге қа­­­­бі­­­леттілігін айқын­дайтын негізгі фактор екенін баса айтты. – Қостанай облысының эко­­номикасы жақсы дамып келеді деуге болады. Болашақта бұдан да жақсы боларына сенемін. Алды­­мызда маңызды міндеттер тұр. Экономикамыз пандемия салда­ры­­нан болған сынаққа төтеп бере алды. Биыл өнім жақсы екені кө­рініп тұр, – деді ол. Диқандар Мемлекет бас­­­­шы­­­­сына ауылдарда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары мен игі бастамаларды әңгімеледі, әлеу­меттік мәселелердің бір­тіндеп шешімін тауып жатқанын жет­кізді. – Биыл ауыл шаруа­­­шы­лығында да, индустрияда да едә­уір жетістікке жетуге тиіспіз. Әсі­­­­­­ресе, әлеуметтік-эконо­­мика­­­лық мәселелерді шешу аса маңыз­­ды. Тұрғындардың әрқай­­сысы бізден нақты мәселелердің шеші­­­мін күтуде. Менің тапсырмама сәйкес, Үкімет қазіргі уақытта осы мәселелермен айналысуда. Үкімет Жолдауды іске асыру жөнін­­дегі жалпыұлттық жоспар қабылдады. Табысты болады деп есептеймін. Бірақ бірлесіп жұмыс атқару керек, – деді Қазақстан Президенті. Кездесуде шаруалар өндіріл­­­­ген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және экспорттау мәселе­­лерін көтерді. – Өнімді өндіру үлкен мәсе­ленің бірі әрі негізгісі. Енді оны нарыққа шығару да маңызды. Үкімет осы мәселемен айналысуы тиіс. Қазір біз Еуразиялық эко­­­номикалық одақ аясында нақты мәселелерді шешумен айналысып жатырмыз. Қарашада прези­дент­тердің басшылығымен шека­­­­ралас өңірлер басшы­­­ларының ай­­мақ­тық кездесуі өтеді. Пан­­­демияға байланысты қандай форматта өтетіні белгісіз, бірақ өтуі тиіс. Жалпы, ЕАЭО аясын­­­­дағы интег­рацияны дамытуды мақсат тұта­тын біздің бағытымыз өз кү­шін­де, – деді Қ.Тоқаев. Коронавирус індеті салда­­­­рынан туындаған қиындықтарға қарамастан, диқандар өндірісті сақтап қана қоймай, оның кө­лемін арттыра алды. Президент еліміздің азық-түлік қорын қам­­­тамасыз ету бойынша қабыл­дан­ған шаралар үшін ауыл еңбек­керлеріне ризашылығын білдіріп, жиын-терім науқанын уақытылы аяқтап, мол өнім алуларына ті­­­лек­тестік білдірді. Tokaev Kostanai3 Қостанай облысы әкімдігінің дерегінше, 2020 жылы өңірде 4 млн 848 мың гектарға дән егіл­ген. Нәтижесінде, егістік өткен жыл­­­ғыдан 169 мың гектарға артты: былтыр 4 млн 679 мың гек­тар бо­лыпты. Егістік құрылымын әрта­­рап­­­­тандыру бағдарламасына және биыл жарияланған ауыл шаруа­­шылығы өнімдерін фор­­­­­вардтық сатып алуға сәйкес, дәнді дақыл­­дар егіні 2019 жылғыдан 60 мың гектарға ұлғайып, 4 млн 28 мың гектарға жетті. Майлы дақылдар 129 мың гектарға көп себіліп, 639 мың гектарды алып жатыр. 621,4 мың гектар жемазық дақыл­­­дары­­­ның еншісіне тиді. Осы күні Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына келді. Ол өңірдегі Қызылжар ау­да­­нында егістік алқабын аралап, «Аби жер» ЖШС-нің астық жинау науқанының барысына қанықты. Президент диқандармен әңгі­­ме барысында СҚО еліміздің маңыз­­ды астықты өлкесі екеніне, мұнда әлемдік нарықта сұранысқа ие экологиялық таза, табиғи өнім өндірілетініне екпін түсірді. – Солтүстік Қазақстан облы­­сы маңызды астықты өлкеміздің бірі. Қазіргі басты мақсат – егіс алқаптарындағы астықты төкпей-шашпай түгелдей жинап алу. Да­қылдарды әртараптандыру өте маңызды, әсіресе бұл өнімді экс­порт­қа шығару үшін қажет. Біздің әлеуетті нарығымыз өте үлкен. Солтүстік Қазақстан облы­сы­­­­ның өнімі әлемде, соның ішінде, Қы­тайда жоғары бағала­нады. Яғни, үлкен мүмкін­­­­діктер бар. Өңірдің әлеуеті зор деп ой­лай­­­­­­­мын. Жол­дауға келетін бол­сақ, оны жүзеге асырудың барлық тетіктері Үкі­­­­метпен, тиісті маман­дармен келі­­сілген. Сондықтан оны тек қана орындау керек. Кезінде үлкен, ауқымды мемле­­кеттік бағ­дарла­­малар жүзеге асырылды, алай­да бүгінде шағын әрі елге тү­­сінікті ұлттық жобалар керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық да­­муы­­­­ның негізгі көрсеткіштері жә­­не агроөнеркәсіп кешенінің келешегі туралы мәлімет берілді. Облыс әкімінің айтуынша, өңірде аграрлық секторды әртарап­­­тан­­­дыру жұмысы қызу жүріп жатыр. Майлы дақылдардың алқа­бы 1 миллион гектарға жуықтаған. Жыл басынан бері агросекторға 61 миллиард теңге инвестиция тартылған. Аймақ басшысы Құмар Ақса­­­қалов СҚО минералды тыңайт­­­қыштарды пайдалану жөнінен елімізде алдыңғы орында екенін баяндады. Биыл 2,3 млн гектар аумаққа 130 мың тонна тыңайт­­­­қыш пайдалану жоспарланған. Сонымен қатар облыста ауыл шаруашылығы техникасын жаңа­р­­ту жұмыстары жүргізілуде. Со­ның нәтижесінде өнім өндіру көр­сет­кіші артқан. Алдағы уақыт­­­та CLAAS неміс концерні Пет­­­ро­­­павлда ауыл шаруашылығы тех­ни­касын құрастыруға кіріспек. Кездесу соңында ел Прези­­­­­денті Қ.Тоқаев диқан­дардың мол астықты дер кезінде жинап алуы­на тілектестік білдіріп, жұмыс­­тарына табыс тіледі. Тokaev Kostanai1 Сапар аясында Мемлекет бас­­­шысы Үкіметтің қолдауымен елі­­­міздің өзге өңірлерінен СҚО-ның Қызылжар ауданына қоныс аударған отбасылармен кездесті. Оларға арнап Чапаево ауылында баспана салу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылған екен. Пре­­­зидент жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді. Ол келесі жылдан бастап ауыл әкімдері тұңғыш рет жаппай сайланатынын, бұл бас­тама демократияның айқын кө­рінісі екенін жеткізді. – Әкімдер ауылдағы проб­­ле­маларды бәрінен жақсы біледі. Де­мек, ауыл тұрғындары өз мәсе­­­лелерін ең алдымен сіздерге айта­­ды. Көптеген арыз-шағымды жер­­­­­­­­гі­лікті жерде шешуге болады. Әсі­ресе, ауылда ауызсу мәселесін ше­­шу өте өзекті. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол карта­сы» бағдарламасын жүзеге асыр­ған жөн. Соның арқасында жер­гілікті жерлердегі инфра­құрылым дами­­ды, жаңа жұмыс орындары ашы­­­лады. Облыста бұл мәселе тиіс­ті деңгейде іске асырылып жа­тыр, – деп бағалады Мемлекет бас­шысы. Ол мемлекеттік қызмет көрсе­ту жүйесі мен мембасқару мәсе­лесін тілге тиек етті. – Өз Жолдауымда мемлекеттік қызмет жүйесі жабық болмауы керек екенін айттым. Бізге ойы ұшқыр, ақылды жастар қажет. Бізде Тұңғыш Президентіміздің саясатының арқасында өте жақсы білім алған жастар көп. Біз мем­­­­лекеттік қызметке жастарды ша­­­қырамыз, – деді Қ.Тоқаев. Облыс әкімі Қ.Ақсақалов Пре­зидентке өзге өңірлерден кө­­­шіп келген дәрігер, мұғалім, меха­­­­низатор және басқа да ма­ман­­дық иелеріне гранттар берілетінін, сондай-ақ олар жаңа жалдамалы баспанамен және жұмыспен қамтылатынын хабарлады. Ауылдарда баспана салуға ба­­ғытталған облыстағы осы пи­­­лот­тық жобаның жүзеге асыры­­­лып жатқанына 2 жыл толды. Былтыр жоба аясында елді мекендерде 428 үй салынса, биыл 788 баспана тұрғызылады. 2019 жылы облысқа 736 отбасы, барлығы 2,2 мың адам көшіп келген. Биыл 700 отбасы немесе 2,4 мың адам қоныстанбақ. Кездесу соңында ауыл әкім­­дері де, өңірге жаңадан көшіп ке­л­­ген тұрғындар да мемлекет та­­ра­­пынан қолдау көрсетіліп жат­қаны үшін Қазақстан Прези­­­дентіне алғыс білдірді.  

Елдос СЕНБАЙ