Көлік жөндеу орталығында ер адамды пышақтаған бұзақы ұсталды
Көлік жөндеу орталығында ер адамды пышақтаған бұзақы ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
117
оқылды
Алматыдағы көлік жөндеу орталығында бейтаныс адам бір адамды пышақтап, артынша қашып кеткен. Жарақат алған тұрғын қазір ауруханада жатыр, - деп хабарлайды AstanaTV. Оқиға кеше күндізгі сағат 2-лер шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, қолына пышақ ұстаған бұзақы жігіт, көлік жөндеу орталығына келген кісіні пышақтаған. «Сайран» автобекеті маңында болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша, бұзақы алдымен көше бойында өтіп бара жатқандарды балағаттаған. Кейбіріне тап бермек болып, ұмтылыпты. Артынша көлік жөндейтін орынға келіп, шу шығарған.
Көлік жөндеу орталығының әкімшісі Нұрлан Сәрсенов: «Ары-бері жүрді әр адамға тиісіп, кім менімен төбелеседі, кім менімен бүйтеді деп осы жерде жүрді. Содан кейін клиентімізге кеп тиісті. Ол қайдан пышақ шығарғанын ешкім байқамай қалды. Пышақ тығып алды. Содан кейін жол жаққа қарай қашты», – дейді.
Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілген. Оқиғаға қатысты Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Техникалық жөндеу орталығы клиенттерінің біріне Жамбыл облысының тумасы алкогольдік ішімдікті ішкеннің салдарынан бұзақылық әрекетін жасаған болатын. Пышақ жарақаттарын келтірген. Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-тармағы бойынша тергелу үстінде», – деді. Тергеу жалғасып жатыр.