Тоқаев Трамппен кездесті
Тоқаев Трамппен кездесті

БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясының ресми іс-шарасы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен қысқа кездесу өткізді,– деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары қазақстан-америкалық кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері мен болашағын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жан-жақты қатынастарды одан әрі нығайтуды жалғастыратындығын атап өтті.