Есірткі егушілер ел көзінен таса жердегі «Қара ой» деген алқапты таңдаған екен. Онда 20 сотық алқап арнайы дайындалған. Полицейлер осы жерден ерекше исі бар жасыл түсті 5 032 түп шөпті тәркіледі. «Оқиға орнында үш азамат ұсталды. Олардың біреуі – Алматы қаласының, екеуі Қызылорда облысының тұрғындары. Күдіктілер Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Онда ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру жағдайы көрсетілген», – делінген Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тұмар МЫРЗА