Білім және ғылым министрлігі бұған дейін шетелде оқыған студенттерге Қазақстанға ауысуға көмек көрсетті.
«Студентерге құжаттарды қайта рәсімдеу кезінде ЖОО-ларда виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істеді. Шетелдегі білім мекемелері де қашықтан оқытып жатыр. Кейбір шетелдік ЖОО студенттеріне қашықтан оқуға платформалар ұсына алмады», – деп мәлімдеді министрлік.Тамыз айында министрлік Қазақстаннан шыға алмаған студенттерге көмек көрсетуді қолға алды. Шұғыл қабылданған шешімнің арқасында шетелде оқитын 2 мыңнан астам қазақстандық студент елде оқитын болды.