Ақтөбеден Ақтауға 6999 теңгеге ұшып баруға болады
Ақтөбеден Ақтауға 6999 теңгеге ұшып баруға болады
©Максим Морозов
121
оқылды
Бұдан былай бірінші отандық лоукостердің ұшақтарымен Каспий теңізіне дейін Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау және Шымкент тұрғындарымен қатар Ақтөбе халқы да небәрі 6999 теңгеден басталатын билеттермен жылдам жететін болады. FlyArystan бағдарлар желісін кеңейтіп, Ақтау-Ақтөбе мен Ақтөбе-Ақтау бағыттарына билеттердің сатылуға шыққанын хабарлайды.

Тұрақты рейстер заманауи әрі жайлы Airbus A320 ұшақтарымен орындалады. Рейстер 16 қазанынан бастап қатынайды. Маңғыстау облысынан Ақтөбеге жету әуебилетінің құны небәрі 6999 теңгеден басталады. Аталмыш баға нарықта ұсынылып отырған бағадан неғұрлым арзан екенін атап кеткен жөн.

Батыс өңірінде орналасқан екі шаһар арасындағы әуеқатынас бір жарым сағаттан кем болмақ, ал рейстер аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма мен жексенбі күндері орындалады. Билеттерді дәл қазір flyarystan.com сайты немесе әуекомпанияның мобильді қосымшасынан сатып алуға болады. Сонымен қатар билеттер сатылымы 2021 жылдың 27 наурызына дейінгі сапарларға қолжетімді екенін хабарлайды. – Жыл сайын Каспий жағалауында демалуға ниет танытқан жандар саны артып келеді. Теңізден бөлек облысқа келушілер басқа да көрнекі жерлерін жиі тамашалап тұрады. Олардың ішінде аса қызуғушылық тудыратыны Бекет ата мешіті, Кенді баба қорымы, Бозжыра мен Саура шатқалдары және басқасы. Ақтаудың ерекшелігі – оның жайлы температурасында. Мұнда жыл бойы ауа райы жылы, сол себепті мұнда қысы-жазы демалуға болады, – деп санайды әуекомпанияның қаржы директоры Әлім Шалбаев. https://www.youtube.com/watch?v=xy8MlP-pnMg&feature=youtu.be&ab_channel=FlyArystan