Атырау облысында құлпытасқа оқ атқан кім?

Атырау облысында құлпытасқа оқ атқан кім?

Атырау облысында тамыз айының соңында Талғайраң ауылы маңында орналасқан қорымға барған қала тұрғыны Сейілхан Манаш оқыс жағдайға тап болған, – деп жазады «Ақ Жайық». Оның айтуынша, анасының және өзге 5 бейіттегі құлпытасты біреулер бытырамен атқан.

– Өткен айда әпкем мен анамды жерледім. Құлпытасты ату кімге керек болды? Бұл – нағыз жантүршігерлік жағдай, – дейді Сейілхан Манаш.
Құлпытасты өзі қайта жөндеген. Полицияға арыз жазбаған. Себебі, кінәлілердің табыларына сенбейді.