Елорда тұрғындары коронавирусқа қатысты психолог көмегіне жүгіне алады

Елорда тұрғындары коронавирусқа қатысты психолог көмегіне жүгіне алады

Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-дың мүмкін деген жаңа толқынында тұрғындарға психологтарды тарту арқылы психологиялық көмек көрсететін болады. Емханалардың бейінді мамандары осы бағытта жұмыс істеуге тартылатын болады, - деп хабарлады елорданың ресми сайты.

«Қала тұрғындарында КВИ бойынша сұрақтар туындаған кезде халықты толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін емханалардағы Call-орталықтардың жұмысын күшейтеміз. Біздің психологтар халықтың толғандыратын сұрақтарына жауап беруге, психологиялық қолдау көрсетуге дайын» - деді Басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Call-орталықтардың телефондары басқарманың, қалалық медициналық ұйымдардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Сондай-ақ амбулаториялық көмек деңгейінде пациенттерді оңалту бойынша жұмысқа әзір.