Пойыз билетінің құны 10 пайызға қымбаттады
Пойыз билетінің құны 10 пайызға қымбаттады
202
оқылды

Елімізде қыркүйектен бастап 11 бағыт бойынша пойыздың билеттері 10 пайызға қымбаттады.

«Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, билет бағасы 10 пайызға өскен.

«Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі хаты негізінде 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағдарларға қатынайтын пойыздардан басқасының билет құныі 10 пайызға қымбаттағанын хабарлаймыз» делінген хабарламада.

Билет бағасы қымбаттамаған бағыт-бағдарлар мыналар:

№085/086 «Нұр-Сұлтан - Сарыағаш»

№021/022 «Қызылорда-Семей»

№ 313/314 «Атырау-Маңғыстау»

№ 339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»

№ 373/374 «Алматы-Жезқазған»

№ 377/378 «Алматы-Маңғыстау»

№ 603/604 «Нұр-Сұлтан - Арқалық»

№ 085/086 «Қарағанды-Сарыағаш»

№ 021/022 «Алматы-Семей»

№ 22/6941/6942/21 «Алматы-Достық»

№ 339-55/56-154 «Павлодар-Қызылорда».