Израильдегі жаңа үкіметті Нетаньяху құрады
Израильдегі жаңа үкіметті Нетаньяху құрады
74
оқылды

Израиль президенті Реувен Ривлин жаңа үкімет құру жұмысын премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға тапсырды. Бұл туралы Нетаньяху және оның қарсыласы Бенни Ганцпен ел президенті кездескеннен кейін белгілі болды деп жазады Deutschwelle.

Израильде өткен сайлау қорытындысына сәйкес әскердің бұрынғы бас штабының басшысы Ганцқа қарасты "Кахоль-Лаван" колаициясы Нетаньяху басқаратын «Ликуд» партиясын жеңіп, Кнессеттен бір орын артық алған еді. Дауыс берудің соңғы нәтижесіне сәйкес Ликуд 32 мандақта ие болса, Кахоль-Лаванның еншісінде 33 мандат бар.

Ал Кнессетте жаңа үкімет басшысы ретінде Нетаньяхуды 55 депутат көргісі келсе, Ганцке 54-і қолдау көрсеткен.