Ұлттық спорт: «Құлагердің» көкпарда екінші рет есесі кетті

Ұлттық спорт: «Құлагердің» көкпарда екінші рет есесі кетті

Ақтөбеде өтіп жатқан көкпар ұлттық ойындарының жеңімпазы анықталды.

Жарысқа қатысқан Қазақстанның 12 көкпар команда жүлдеге таласқан болатын. Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облысының командалары арасындағы ойын 3:2 есебімен аяқталды. Ақтөбеліктер қола жүлдегер атанды. Финалда Жамбыл облысынң «Әулие ата» командасы жеңіске жетті. «Әулие-ата» мен Түркістан облысының «Құлагер» командасы арасындағы шешуші ойын 3:1 есебімен аяқталды.

Биыл «Құлагер» командасы «Әулие-атадан» екінші рет ұтылып отыр.

Нәтижесінде, І орын – «Әулие-ата», ІІ орын – «Құлагер», ІІІ орынды Ақтөбе облысының көкпар командасы иеленді.