Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қанша қазақстандықтың коронавирустан сауыққанын айтты.
«11 қыркүйектегі ахуал бойынша коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 106 661-ге жетті. Сауыққандар 94,1 пайызды құрады немесе 100 409 адамға жетті. Соңғы бір тәулікте 161 адам коронавирустан жазылды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 1 656 адам», - деді ресми өкіл бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Оның айтуынша, қазіргі кезде 4 596 адам ем қабылдауда, оның ішінде 34 бала бар. Соңғы бір тәулікте елімізде індетті 77 адам жұқтырған.