Алексей Цой өзіне тұмауға қарсы екпе салдырады - ДСМ
Алексей Цой өзіне тұмауға қарсы екпе салдырады - ДСМ
© сурет интернеттен алынды
100
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов министр Алексей Цойдың өзіне екпе салдыратынын айтты. 
«15 қыркүйектен бастап елімізде тұмауға қарсы екпе басталады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бастаған бір топ министрлік басшылары елордадағы емхананың біріне барып, екпені алады», - деді Б. Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифиннгте.
Оның айтуынша, елімізде тұмауға қарсы екпе мерзімнен екі апта бұрын басталады.Тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталады. Маусымдық тұмауға қарсы халыққа екпе жасау үшін 5 мыңнан астам егу кабинеті дайындалды.