Жаһандық дауды соғыссыз шешейік - Зеленский
Жаһандық дауды соғыссыз шешейік - Зеленский
103
оқылды

Украина президенті Владимир Зеленский Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ-ның Бас ассамблеясында сөз алып, жаһандық қауымдастықты Украинаға «Ресей басқыншылығымен» текетіресте қолдау көрсетуге шақырды.

Зеленскийдің сөзінше Еуропада яғни Украинаның шығысында болып жатқан соғыс «бар әлемді алаңдатуы тиіс». Ол Донбассадағы кикілжің, Украинадағы әскерилер мен бейбіт тұрғындардың, сондай-ақ Ресейдің Қырымды аннексиялауын еске салды. Зеленскийдің айтуынша Украина бейбітшілікке бейіл, алайда өз жері мен халқының өміріне бәс тіге алмайды.

Зеленский Эрих Мария Ремарктың «Өзгеріссіз батыс майданы», Э.Хэминугейдің «Қош бол, майдан!» атты соғысқа қарсы мазмұндағы романдарын еске алып, жаһандық қауымдастықты халықаралық дауды соғыссыз шешуге шақырды.