Синоптиктер 12-14 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
"Үш күн бойы Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының алдыңғы бөлігінің ықпалында болады, ол ауа температурасының жоғарылауын тудырады. Алайда кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Тек еліміздің шығысында жауын-шашын болмайды, ал түнгі және таңғы уақытта кей жерде үсік және тұман байқалады", - дейді синоптиктер.