Үкіметтің қаулысымен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті бекітілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Мыналар: осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент); осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде: Үлгілік регламентке сәйкес әкімдер аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін әзірлесін және бекітсін; әкімдер аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы ережелерін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгілік ережеге сәйкес келтірсін; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.