Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханасы Әдеби-саз кешін өткізді.
Іс-шара Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2019 жыл – Жастар жылын» қолдау және Жастар жылы аясында өтті.
Әдеби-саз кешін өткізудің басты мақсаты – отандық әдебиетті жаңа қырынан насихаттау, жастарды өнерге баулу, өнер және әдебиет саласын бір арнаға тоғыстырып, есте қаларлық кеш өткізу. Жастар мен шығармашылық интеллигенциясының өкілдерімен тығыз байланыс орнату, мәдени және адами құндылықтарды насихаттайтын алаң құру.
Кеш барысында кітап көрмесі өтті.