Қазақстандықтарға мүкжидек, шырғанақ және қарақатпен иммунитетті көтеруге кеңес берілді

Қазақстандықтарға мүкжидек, шырғанақ және қарақатпен иммунитетті көтеруге кеңес берілді

Қазақстандықтарға мүкжидек, шырғанақ және қарақатпен иммунитетті көтеруге кеңес берілді. Өйткені бұл жемістерде иммунитетке қажетті С витамині көп. Бұл туралы Ұлттық денсаулық сақтау орталығы қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының жетекшісі Жазира Ембердиева айтты.  Оның айтуынша, осы витамин иммунитетті нығайтуға ықпал етеді.

"Тамақтануға келер болсақ, С витамині көп жеміс-жидекті жеген дұрыс. Бұл мүкжидек, шырғанақ, қарақат, лимон және басқалар. Дәрігерлердің кеңесі бойынша иммунитетті көтеретін тамақ жеу керек. Салауатты өмір салтын сақтап, дене шынықтырумен айналысып, дұрыс тамақтану керек", – дейді Ембердиева.