Францияның экс-президенті Жак Ширак қайтыс болды

Францияның экс-президенті Жак Ширак қайтыс болды

Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак қайтыс болды,– деп хабарлайды Франс-Пресс агенттігі.

Жак Ширактың жасы 86-ға келген.

«Бүгін таңертең жақындарының ортасында көз жұмды»,– деп хабарлаған агенттік Ж.Ширактың күйеу баласы Фредерик Сала-Барудің сөзін келтірді.

Жак Ширак Францияны 1995 – 2007 жылдар аралығында басқарған.