Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылар Ресейде титулдық жекпе-жек өткізеді
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылар Ресейде титулдық жекпе-жек өткізеді
© Сурет "Қазақстан кәсіпқой боксы" парақшасынан
27 қыркүйек күні Ресейдің Қазан қаласында «All Champions Kazan 2020» кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда Қазақстанның үш спортшысы өнер көрсетеді. ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасының хабарлауынша үш боксшымыз титулдық жекпе-жек өткізеді. Ал AllChampions.ru сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, турнирдің басты айқасында 28 жастағы отандасымыз Бобыржан Момынов (11-0, 8КО) пен ресейлік Вагинак Тамразянмен (17-7, 5КО) жартылай орта салмақтағы (66,7 кг) IBF Intercontinental белдігін сарапқа салады. Әуесқой бокста Қазақстанның үш дүркін чемпионы болған 29 жастағы Арман Рысбек (7-0, 6КО) тағы бір Ресей спортшысы Артем Брусовпен (9-0, 8KO) қолғап түйістіреді. Екінші орта салмақтағы (76 кг) жекпе-жекте IBF Europe титулы сарапқа салынбақ. 18 жастағы Дастан Сәдуұлы (3-0, 3КО) жеңіл салмақтағы (61 кг) WBC Asia чемпионы атағына таласпақ. Оның қарсыласы – ресейлік Вильдан Минасов.