БҚО-да автокөлік аударылып, зардап шеккен ағалы-інілі жігіттер ауруханаға жеткізілді.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпарат бойынша, оқиға 11 қыркүйек күні Орал-Атырау тасжолының 80-шақырымында Ақжайық ауданы Бударин ауылы тұсында болған.
27 жастағы жүргізуші Daewoo Nexia автокөлігінің тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, аударылып қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен апаттық медицина орталығы трассалық медициналық-құтқару бекетінің қызметкерлері жүргізуші мен оның 24 жастағы інісіне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қатты қорқып қалған оларға психолог та жәрдем берді.
[caption id="attachment_71738" align="alignnone" width="1032"]