Шәкірттер шетелді тәрк етті
Шәкірттер шетелді тәрк етті
238
оқылды
Сондықтан Білім және ғылым министрлігі бұған дейін шетелдік жоғары оқу орындарында өз бетінше оқыған отандық студенттерге білімін өз универси­теттерімізде жалғастыруына көмектесіпті. Олар құжат­­тарын рәсімдей алуы үшін ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы жеңілдетілген формат ұсынылды. «Шетелдік ЖОО-ның басым бөлігі оқу жылын қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып бастады. Алайда бірқатар шетелдік ЖОО басқа мемлекеттердегі өз студенттерін қашықтан оқыту үшін ортақ платформа ұсына алмады. Тамыз айының басында БҒМ оқуын жалғастыру үшін өзіне байланысты емес себептер бойынша елден шыға алмаған студенттерге көмек көрсетуге кірісті», – деп хабарлады министрлік. Әзірге 2 мыңнан астам қазақстандық студент отан­дық ғылым ордаларына ауысуға ниет білдірген екен. Қалғаны шетелдік университеті онлайн оқуды жолға қояды деп үміт қылып, артын бағып отыр. Егер олар да Қазақстанның жергілікті ЖОО-ларын таңдауға шешім қабылдаса, өздерін қолдау мақсатында арнайы іске қосылған жедел желіге жүгіне алады. БҒМ олар үшін де құжаттарды қабылдау рәсімі жеңілдетілгенін еске сала­ды.  

Айхан ШӘРІП