«Nur Otan» белсенді азаматтарды қолдайды

«Nur Otan» белсенді азаматтарды қолдайды

 

Шымкенттіктер праймеризге тастүйін дайын

Партия хатшысы Арман Қырықбаев және «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасы оңтүстік өңірлерді үш күн ара­лады. Осы күндері олар прай­меризге қатысушы үміткерлер­мен кездесіп, келелі кеңес өт­кізді. Алдымен Шымкент қала­сын­дағы «Тұран» бастауыш пар­тия ұйымының жұмысымен танысу және партия мүшелерімен кездесу өтті. – «Тұранның» осы күнде 1 000-ға жуық мүшесі бар. Олар­дың дені – жастар. Партияішілік сайлауға түскен азаматтардың 37 пайызы осы белсенді жастар­дан тұрады. Жалпы, праймериз жас­­­тардың суырылып алға шы­ғуына үлкен мүмкіндік береді, – деді партия жақтастары лига­сы­ның мүшесі Ерлан Сайыров. №7 колледж директоры Альбина Елшиева төрайымдық ететін бұл ұйым Еңбекші ауда­нына қарасты 15 мекемеден 888 партия мүшесін біріктірген. Бастауыш партия ұйымында өткен кездесу барысында негізгі әңгіме еліміздегі жалпырес­публикалық ауқымдағы саяси оқиға болып тұрған «Nur Otan» партиясының партияішілік сайлауы ‒ праймериз төңірегінде өрбіді. Содан соң әл-Фараби ауда­нына қарасты «Мұз сарайы» ғимаратындағы №11 дауыс беру учаскесінің дайындық жұмыста­рына бақылау жүргізілді. Шым­кент қаласында дауыс беру толы­ғымен онлайн форматта өткі­зіледі. Жалпы, сайлау учаскеле­ріне келіп дауыс беремін деуші­лер үшін Шымкент қаласында 33 орын дайындалған. Партия хат­шысы №11 дауыс беру учаске­сінің дайындық жұмыстарын көру барысында дауыс беру ке­зінде сырттан қысым көрсетуді бол­дырмауға, заңдылықты то­лық қамтамасыз етуге, бақы­лау­шы­ларға жағдай жасауға және сани­тарлық талаптың сақта­луына көңіл бөлді. Ал Абай аудандық филиалы­ның жария дебат өтетін орнының дайындық жұмысымен танысу кезінде праймеризге қатысушы­лармен кездесу өтті. Онда жер-жердегі сайлау өткізудегі дайын­дықты праймеризге қатысушы­лардың талап-тілектерін білу мақсатында партия аппаратының өкілдері аймақтарға іссапармен шығып жатқанын атап өтті. Басқосуда додаға түсіп жатқандар тарапынан сұрақтар қойылды. Барлық сауалдарға рет-ретімен жауап бергеннен кейін партия хатшысы додаға түсушілерге қан­дай да бір шектеу болса ха­барласу керек екенін, бұл саяси додаға жергілікті биліктің ара­ласуы мүмкін еместігіне сендірді. Сондай-ақ «Jastar Otanga» бағ­дарламасын талқылау мақса­тын­да белсенді жастармен кездесу өтті.  

Праймеризге қатысушылардың көпшілігі – Түркістан облысында

 Шымкентттегі кездесулерден кейін «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев «Nur Otan» партиясы жақтаста­ры лигасы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Басты мақсат – праймеризге дайын­дықты тексеру және өңірдегі пар­тия белсенділерімен кездесу. Алдымен Отырар аудандық Мәдениет сарайында прай­меризге қатысушылармен кез­десу өтті. Ал Арыс ауылында «Отырар» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен өткен жүздесуде саяси науқанның маңызы айтылды. Жиын бары­сында партия хатшысы отырар­лық партияластардың сұрақта­рына жауап берді. Бүгінде «Nur Otan» партия­сының праймеризі қоғам наза­рында тұр десек қателеспейміз. Іріктеудің таза әрі әділ өтуін қадағалау үшін партияның жақ­тастары лигасы құрылды. Осы лига жетекшілерінің бірі, саясат­танушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Сайыров еліміз үлкен өзгеріс қарсаңында тұрғанын айтты. – Саяси өзгерістер ауылдан, ауданнан, облыстан басталады. Аудандық мәслихаттарға өзіндік ұстанымы бар, жергілікті бас­шы­лықтың заңсыз әрекет­теріне жол бермейтін қоғам белсенділері келуі керек. Бүгінгі таңда Қа­зақ­станда 210 мәслихат құра­мында 3 335 депутат бар екен. Соның тек 2 проценті ғана – жастар. Сондықтан әділеттілікті алды­мен жергілікті елді мекендерде орнатуымыз керек. Сіздер, яғни праймеризге қатысушылар үлкен өзгерістердің бастауында тұрсыздар, – деді Е.Сайыров. «Nur Otan» партиясы Түр­кістан облыстық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партия мүше­лері праймеризге арналған бағдарламаға арнайы тіркеліп, олардың дауыс беруіне жағдай жасалып жатқанын баяндады. Кездесуде сөз сөйлеген Отырар аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Ә.Жүнісов ауданда 15 бастауыш партия ұйымы, онда 3 287 партия мүшесі бар екенін айта келе, бүгінгі таңда олардың 1 788-і дауыс бе­руге арналған жүйеге тіркелгенін жеткізді. Партия хатшысы Отырар ауданынан кейін Кентау қала­сына барды. Кентауда бастауыш партия ұйымы төрағаларымен және ұйымдастыру комитетінің мүшелерімен, сондай-ақ прай­меризге қатысушылармен кез­десті. Ол сондай-ақ Кентаудағы жастар ресурстық орталығының ғимараты мен «Қарнақ» БПҰ ғимаратында болған партия өкілдері дауыс беретін орын­дарды аралап, дайындық ба­рысын пысықтады. Кентау қаласындағы БПҰ төрағалары да көкейде жүрген ойларын айтып, праймеризге дайын екенін жеткізді. Түркістанға барған сапа­рында «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев белсенді жастармен жүздесіп, еркін пікір алмасты. Өз кезегінде облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Амалбек Өміртай өзі басқаратын меке­менің тыныс-тіршілігімен таныстырса, «Jas Otan» Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман праймеризге қатысты ойын айтты. Прай­ме­ризге қа­тысушы өзге өрендер де көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Жастармен жүздесуден кейін «Nur Otan» партиясының Түр­кістан облыстық филиалында қалалық ұйымдастыру комитеті өкілдерімен кездесу өтті. Кез­десуде облыста праймериз жо­ғары деңгейде өтуі тиіс екені айтылып, партия филиалына бірқатар тапсырма берілді. Ұйымдастыру барысындағы мә­селелерді тыңдап, ой бөлісті. Жалпы, Түркістан облысы праймеризге қатысушылар саны бойынша республикада 1-орында тұр. Өңірде оффлайн өтініш бергендер саны – 513, онлайн өтініш бергендер – 631. Дауыс беруге және дебатты өт­кізуге арналған 209 орын белгі­ленді. Дауыс беру форматы бойын­ша электронды бюллетень арқылы онлайн форматта 170-орында, дәстүрлі қағаз бюллетенімен 39-орында өтеді.  

Үміткерлерге тең мүмкіндік қарастырылуы тиіс

Сыр өңіріне іссапар кезінде өңірлік партия филиалының партияішілік іріктеуге дайын­дығы пысықталып, арнайы есеп комиссиясы мүшелерімен, кан­дидаттармен кездесу ұйым­дастырылды. Әуелі Жаңақорған ауданында болып, жария пікірсайыс орын­дарының үміткерлерге қолай­лылығы, дауыс беретін орын­дар­дың сақадай-сай екеніне көз жет­кізді. Одан әрі облыстық пери­­наталды орталығында орна­ла­с­қан Қызылорда қалалық партия филиалына қарасты «Ана мен бала» бастауыш партия ұйымында болып, партияның ядросы саналатын ұйымның мүшелерімен пікірлесіп, олар­дың партияішілік бәсекелестікке көзқарастарын білді. Партияішілік ірктеуге тір­келген кандидаттар 7 қыркүйек­тен бастап үгіт-насихат жұмыс­тарын бастап кетті. Үгіт жұмыс­тарының ең бір маңызды әрі барлық кандидаттар үшін мін­детті саналатын қадамының бірі – жария пікірсайыс. Об­лыстық партия филиалы бұл бағытта барлық үміткерлердің қаты­суымен онлайн режимде, онлайн генератор көмегімен пікір­сайыс­қа түсетін азаматтарды топтарға бөлу жұмыстары жүргізілген. Өңірде пікірсайыс 14-28 қыр­күйек аралығында өтпек. Осы орайда, партия хат­шысы қаладағы үміткерлер жария өтетін орынды көріп, партияішілік додаға түсіп жатқан азаматтармен бас қосып, оларды толғандырған сауалдарға жауап берді. Кездесу соңында партия хатшысы Арман Қырықбаев праймеризді шын мықтының бағы сыналатын айтыс өнеріне теңеді. Сондай-ақ елдің мұңын астарлап билікке жеткізіп жүрген ақын, айтыстың ақтаңгері атан­ған жерлесіміз, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовқа Конститу­цияның 25 жылдығы мерекелік медалін табыстады.  

Әбілмансұр ЖАСАН