Мораторийден соң жер тағдыры не болмақ?
Мораторийден соң жер тағдыры не болмақ?
188
оқылды
Осыдан төрт жыл бұрын, 6 ма­мырда Президент «Жер заңна­ма­сының кейбір нормаларының қол­данысқа енгізілуін тоқтата тұру ту­ралы» Жарлыққа қол қойды. Соған сәйкес, «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы заңның нормаларын қолдануға, шетел­дік­терге, азаматтығы жоқ адам­дарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетел­діктердің, азаматтығы жоқ адам­дардың, шетелдік заңды тұл­ға­­лар­дың үлесі елу пайыздан асатын заң­­ды тұлғаларға ауыл шаруа­шы­лығы мақ­сатындағы жер учас­­ке­лерін жал­дау шарттарымен уақытша жер пай­далану құқығын беруге, жеке және заңды тұлғаларға мемле­кеттік мен­шіктегі ауыл шаруа­шы­лығы мақ­сатындағы жер учаске­лерiне же­ке­меншік құқығын беруге мора­торий жарияланған болатын. Тіпті, осы нормаларды халыққа түсіндіріп, талқыға салу үшін арнайы комиссия құрылды. Ұзын саны 75 адамнан тұратын топ 9 отырыс өт­кізіп, соның нәтижесінде 14 маңыз­­ды шешім қабылданған. Со­ның ішінде ең маңыздысы Жер заңна­масының өзгерістеріне мора­­торийді бес жылға, яғни 2021 жыл­дың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім еді. Арада бес жыл зулап өте шықты. Осыған дейін жер мәсе­лесіне келгенде өре түреге­летін ха­лық келесі жылы қайта көте­рілуі мүмкін бе?
Бұл мәселеге қатысты сұрақты қо­ғам белсендісі Жәнібек Қожыққа жолдадық. Егер қазір тиісті шаралар­ды қолданбаса, мораторий уақыты біткенде халықтың наразылық білді­руі әбден мүмкін дейді ол. «Егер ха­лық толқымасын, көтерілмесін десе, Қазақстан ауылшаруашылық жер­лерін шетел азаматтарына са­туға, жалға беруге болмайды деп жаңа заң қабылдауы керек. Сонда құда да, құда­ғи да тыныш болады. Сонымен бірге, өз азаматтарымызға мүмкіндік беру керек. Ол үшін банктер несие беріп, жастар соңғы тех­нологиялар бойын­ша білім ал­ғаны дұрыс. Біреуге тәуел­ді, зәру болудың уақыты бітті. Тәуел­сіздік тұсында дүниеге келген бала бүгінде отызға келді. Орда бұзатын сәт бол­ды», – дейді қоғам белсендісі. Расында, Президент сөзінде жер ше­тел­діктерге сатылмайтыны шеге­лен­генімен, экономикалық айна­лымға енгізу үшін шетел азамат­тарына жалға беру-бермеу туралы айтыл­мады. Жәнібек Қожықтың пікірімен  Мұхтар Тайжан да келіседі. Желідегі парақ­ша­сын­дағы үндеуде жаңа Кодекс кере­гін айтқан болатын. «Былай қара­ғанда, барлығы дұрыс, жер шетел­діктерге сатылмайды. Де­генмен шетелдік­терге жалға да бер­меуіміз керек. Өйткені біз ба­сында жерді «шетел­діктерге сат­паймыз да, жалға да бермейміз» деген ұран тас­тадық. Ин­­­вестиция жөнінде жа­зылған аб­зацты пайдаланып, Үкімет жерге жекеменшікті ашатын жол қарас­­­тыруы мүмкін. Сондықтан бұл мәсе­лені мұқият қадағалау керек. Ауыл шаруашылығына арналған, яғни өте үлкен көлемдегі жерлерді жеке­мен­шікке беруге болмайды. Олай болса, жеріміз бірнеше ғана отба­сының қо­лында болады. Ал ауыл­дағы қа­рапайым халыққа жер бұ­рын­ғы­дай қолжетімсіз болып қала береді. Сол себепті Қазақстан аза­маттарына да жерді жеке­мен­шікке емес, жалға беруіміз ке­рек. Осының барлығы айқын көрсе­тілетін жаңа заң қажет және оны бүгіннен бастап дайын­дауға тиіспіз. Ол үшін жер жөніндегі комиссия құрылып, оған қоғам белсенділері де кіруі керек», – дейді М.Тайжан.
jailay
Елімізде бүгінгі таңда 230 мыңға жуық ауылшаруашылық құрылымы жұмыс істеп жатыр. Қазақстан фер­мерлер одағының президенті Жигу­ли Дайрабаев осы шаруаларға мүм­кіндік беру керегін алға тартып отыр. Бірақ меншікке беруге түбе­гейлі қарсы. «Жерді пайдалану мәсе­лесіне кел­генде тендер, аукцион қа­жет емес. Айталық, он жыл игеріп келген жерді мерзім аяқталды деп басқаға өткізіп жіберуге болмайды. Сонда оған дейінгі еңбегі қайда қалады? Сол үшін мерзімі біткен жағдайда ко­миссия қарастырып, ұзартуға шешім қабылдаса, жөн болады. Еңбек ада­мына мүмкіндік беру керек. Бірақ кей азаматтар бұрыннан бері еңбек етіп келе жат­қан фермелерге сол жерді сату керек деген пікір айтып жатыр. Олай етуге болмайды. Жер сату туралы тіпті ойламау керек», – дейді Жигули Мол­дақалықұлы. Жерді жалпы халыққа ортақ игі­лік санаумен қатар рухани құн­дылық көру үрдісі де бар. Мәде­ниеттанушы Серік Ерғали мұндай ұстаным елді кері тартуы мүмкін деп отыр. «Ха­­лықтық сананың негізгі екі түрі бар: аграрлы және индус­триалды. Алғаш­қысы көбіне артта қалған және бодан елдерге тән. Ал технологияны мең­­­ге­рген, дамыған елдерде индус­­­триа­лы сана болады. Яғни, халық санасы, ойлау жүйесі, ішкі ресурсы жасам­­паздыққа, жаңа дүние жасауға ұм­тыл­ғыш келеді. Аг­рарлық санасы бар халық тұты­ным­паз келеді. Жа­сауды меңгер­меген соң тілеуді ғана біледі, ай­наланың бәріне қасие­тті нәрсе, рухани құн­ды­лық деп қа­райды. Жер мә­селесінде біздің халық оны сак­ралды нысан ретінде көреді. Өзінің жасауға бейім емес екенін осымен ақтайды». Оның сөзінше, Қазақстанға осы ретте шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасын әзірлеу ке­рек. Сөйтіп, халық санасын индус­триал­ды деңгейге көтеру қажет. «Әлеу­меттік босқын ретінде қалаға тығыл­ған халық қол жаюмен, баспа­на сұраумен шектеліп жатыр. Ал сая­сатты іске асы­руға мемлекет жауап­ты. Малайзия, Индонезия сияқты джунглидегі халық қазір алдыңғы қатарда, біз болсақ кейін қалып отырмыз. Жерге байла­нысты мәсе­леде «маған игеруге жер бер» деп емес, «сатып жіберді» деп дау­ласады. Қазақтың ішкі ресурсын оятып, түлетудің тиегі – шағын және орта бизнесті дамыту. Қазір сауат­­­­тандыру жүруі тиіс. Отыз жыл бойы халықты мұсалдат қылып, сұрағанын беруге тырыстық. Ал негізі жасампаз ресурс жасалуы керек еді», – дейді Серік Ерғали.
Жаңа технологиялар дамып, жұрт ғарыштан жалға үй алуды ой­лап жатқанда жерді жалға алудың жо­лын іздеудің керегі не дейтіндер табы­­лады. Дегенмен заманмен бірге бұл сала да қарыштап дамып жатыр. Олай деуге себеп жоқ емес. Бұл сала­дағы ең ірі экспорттаушы ел – Қытай. Одан бөлек, Үндістан, АҚШ, Ин­донезия, Бразилия, Нигерия, Пә­кістан, Түр­кия, Аргентина және Жа­­по­нияда ауыл шаруашылығының орны ай­рықша.  

Жадыра АҚҚАЙЫР