Словенияда қазақ батырының қабірі табылды (видео)
Словенияда қазақ батырының қабірі табылды (видео)
©Сурет интернеттен алынды
183
оқылды
Қабірдің басында батырдың аты-жөні жазылмаған. Сарбаздың тек шыққан жері көрсетілген. Соған қарап, оны Солтүстік Қазақстандық азамат деген болжам бар.
Жаралы сарбазды тауып алған жергілікті тұрғындар әуелі оны шіркеуге тығып, аман алып қалмақшы болған. Бірақ қазақ батыры ауыр жарақаттан 1943 жылы қайтыс болған. Ол сол шіркеудің жанына жерленген. Әлі күнге дейін белгісіз жанның кім екені, не ағайын-тумасы бар екені анықталмады.
Осы оқиғаның желісіне негізделіп деректі филім түсіріліп жатыр. Бірақ қабір басындағы жазбаға сүйене отырып, бір жайт анықталды. Соғыс жылдарында шайқасқа Бағанат ауылынан 43 сарбаз жіберілген. Оның 32-сі қаза болған. Қалған із-түссіз жоғалғандардың ішінде үш сарбаз қайтып оралмаған екен. Олар жайында ешқандай ақпарат табылмады. [embed]https://youtu.be/apFDHs0hqI8[/embed]