Қайрат Нұртас қонақүйдің күзетшісін ұрып тастапты
Қайрат Нұртас қонақүйдің күзетшісін ұрып тастапты
©Мурет интернеттен алынды
288
оқылды
Әнші Ақтаудағы қонақүйдің күзетшісін бас салып, ұрып тастағаны жайында ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Тіпті, e-gazet.kz сайты Қайрат Нұртастың ол кезде мас болғанын жазған.  Ал Маңғыстау полициясы Ақтау қонақүйлерінің біріндегі бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Бірақ оған Қайрат Нұртастың қатысы бар-жоғы әлі расталмады.
 «Ақтау қаласындағы қонақүйлердің бірінде бұзақылық фактісі бойынша қалалық Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-тармағы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұзақылық кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, кінәлі адамға қатысты соңғы шешім сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша қабылданады. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді», – деді полиция.
[embed]https://www.instagram.com/p/CEldxi8l4a-/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]

Алайда сол уақытта әншінің Ақтауда демалып жатқаны рас болып шықты. Оны әншінің Instagram парақшасынан көруге болады. Дегенмен әншінің директоры Мира Келімбетова Қайрат Нұртастың төбелеспегенін мәлімдеді.

[embed]https://www.instagram.com/p/CEjoCS3lYKq/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed] «Қайрат ешкіммен төбелеспеді. Ол ешкімнің мұрнын сындырып, басын жармады. Оның бәрі өтірік ақпарат. Қайрат тәрбиелі жігіт, ол ондайға бармайды. Біреулер абыройын түсіру үшін жала жауып отыр», – деді Мира Келімбетова.