"Өзімді ұлы чемпион сезінемін": Головкин Деревянченконы қалай жеңетінін айтып берді

"Өзімді ұлы чемпион сезінемін": Головкин Деревянченконы қалай жеңетінін айтып берді

Енді баяғыдай титулдардың ізінен қумаймын

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 5 қазан күні украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жекті қалай өткізетініне байланысты ойымен бөлісті.

Боксшы өзінің жаңа бапкері Джонатан Бэнксқа көңілі толатын секілді. Оның айтуынша, Бэнкс Головкиннің баяғыдай қуатты соққыларға емес, бойындағы күш-қуаттың мол арсеналын тиімді пайдалануына басымдық бермек.

Головкиннің соққысы: ақиқат па, аңыз ба?

 «Мен 100 пайызға өзгеріп кеткен жоқпын. Өйткені 2-3 айда олай өзгеру мүмкін емес. Бэнкстің идеясы көп. Біз әр күн сайын тынбай жұмыс істеп жатырмыз. Қазір өзімді әлдеқайда сергек сезінемін.

 Қазір көбіне ұзағырақ бокстасуға, таймингке, жылдамдыққа, комбинацияға көп көңіл бөлудемін. Бұл маған қолайлы. Кейде шыға сала қарсыласыңды ұрып құлатып, бәрін аяқтай салғың келеді. Кейде жанкүйерлерге өзіңнің нағыз боксшылық қырыңды асықпай паш етудің қалайсың. Қазір менің стилімде бәрі аралас. Егер ол маған мүмкіндік берсе мен оны нокаутқа түсіремін. Мен оны аямаймын» дейді Головкин.

Деревянченко Головкинмен жекпе-жек алдында маңызды үндеу жасады

Головкин отбасы, ақша, карьера, АҚШ-тағы өмірі, әйелі туралы ашық айтты

«Осы жолы дайындалуыма көп уақыт болды. Өзімді ұлы чемпион сезінемін. Біз осы жолы екі титул үшін шайқасамыз. Мақсат – аман-сау кездесуді өткізу, ақша табу және жанкүйерлерге керемет шоу сыйлау. Енді баяғыдай титулдардың ізінен қумаймын. Бұл – бизнес. Титул да – жәй ғана бизнес» деп атап өтті GGG.