Екібастұзда жоғалған екі бала Шығыс Қазақстаннан табылды
Екібастұзда жоғалған екі бала Шығыс Қазақстаннан табылды
©Сурет интернеттен алынды
Polisia.kz хабарлауынша, Екібастұз полициясына кәмелетке толмаған балаларды іздеу туралы ата-аналардың өтініші 6 қыркүйекте түскен.
    – Бұл күні сағат 20.00 шамасында 2007 жылы туған Екібастұз қаласының ЖОББМ оқушысы және 2002 жылы туған кәмелетке толмаған колледж оқушысы үйден кеткені белгілі болды, – деді Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Арман Сәбиев.
Полиция қызметкерлері дереу аумақтық бөлімшелерге нұсқаулық жіберді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бірнеше нұсқа болжамы тексерілді. Нәтижесінде Павлодар облысының жедел қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының полицейлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың екеуін де Өскемен қаласындағы қонақ үйлердің бірінде екені анықталды. Қазір балалар жолда, заңды өкілдеріне апарып, тапсырылады. Полиция заңды өкілдердің жауапкершілігі туралы мәселені қарастыруда.