Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеулер жеңілдетілді
Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеулер жеңілдетілді
©Айтжан Мұрзанов
112
оқылды
Қаладағы карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша елорданың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді. 11 қыркүйектен бастап:
  • - қаладағы бизнес-орталықтар; Оның ішінде: нотариус, адвокат, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік және жарнама агенттіктері, сот орындаушылар мен туроператорлар және т.б. Санитарлық-профилактикалық шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • - театрлық қойылымдарды өткізуге тыйым салу пункті «аттракционы бар бассейннің жұмысына тыйым сала» отырып, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығындағы SkyBeachClub жағажай клубының қызметіне рұқсат берілді. Демалушылардың саны сыйымдылығынан 50% аспауы тиіс;
  • - қоғамдық тамақтану орындары мейрамхана, дәмхана, бар, асхана жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қойылатын талап: отыратын орындар саны нысан іші мен сыртында 30-дан  аспауы қажет. Үстел арасындағы 2 метр қашықтық сақталуы тиіс. Бір үстел басында 4-6 адамнан отырғызуға болады. Бұл ретте, тұрғын үй ғимараттарында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін ғана істейтін болады. Барлық қоғамдық тамақтану орнында ұжымдық, салтанатты, отбасылық және өзге де көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • - қалааралық, облысаралық автобустар мен шағын автобустар қайта жүре бастайды;
  • - білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған орталықтардың, балаларды дамыту орталықтарының алдын ала жазылу бойынша, 15 адамнан аспайтын топта жұмыс істейді. Ққызметі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, қалыпты жұмыс уақытына енеді.
Бұл ретте, аталмын мекемелер демалыс және мереке күндері жабық болады.