Жоғалған оқушы қыз бос үйден табылды
Жоғалған оқушы қыз бос үйден табылды
©Сурет интернеттен алынды
121
оқылды
Қостанай облысында жоғалған 14 жастағы оқушы табылды.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полицейлер қызды өзі тұратын Валерьяновка ауылының маңындағы бос үйден тапты.
Қазір 14 жастағы оқушының жағдайы жақсы. Ол ата-анасына тапсырылды. Полиция басқа мәліметтерді хабарлаған жоқ. Еске салсақ, 14 жастағы Анна Карпенко 9 қыркүйекте үйінен шығып кетіп, содан оралмаған. Полиция қызметкерлерімен бірге жасөспірімді іздеуге еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.