Батыс Қазақстан облысында 12 қыркүйектен бастап карантин жарияланды
Батыс Қазақстан облысында 12 қыркүйектен бастап карантин жарияланды
©Сурет интернеттен алынды
169
оқылды
Бүгінде аудан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 22-ге жетсе, соның 17-сі Федоров ауылынан шыққан. Осыған байланысты аудандық бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, 12 қыркүйектен бастап аудан орталығы аумағында карантин жарияланды.

Жасы 65-тен асқан адамдарға карантин кезінде аса қажеттіліксіз көшеге шығуға шектеу қойылды. Сондай-ақ бөлшек саудамен айналысатын дүкендерді қоспағанда, ірі азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар, сауда желілері, қоғамдық тамақтандыру және спорт нысандары, саябақ, сквер және басқа демалыс орындарының қызметі тоқтатылды.

Жедел жәрдем, авариялық қызметтер және басқа да арнайы органдардың, Теректі ауданының тіршілігін қамтамасыз етуге жауап беретін ұйымдардың көлігін қоспағанда, кез келген көліктің қозғалысы сағат түнгі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін шектеледі. Карантин кезінде ұжымдық, отбасылық туған күн, үйлену тойы, құдалық, тағы басқа барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға баруға тыйым салынады.