Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында «Инвестор Түркістандағы Hazret Sultan Airport ғимаратын дүниежүзіндегі ең жылдам салынып жатқан аэропорт ретінде Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтінім беретінін айтты» деп заған болатын. Тіпті жақында құрылыс барысын еліміздің астанасынан барған делегация бақылаған.
– Осы айдың соңында техникалық ұшу болады, ал жолаушылар түрік әлемінің астанасына келер жылдың қаңтарынан бастап ұшып келе алады, – деді облыс әкімінің орынбасары.Еске салсақ, Түркістан аэропорты – тәуелсіздік жылдарында салынған алғашқы аэропорт.