Төреші матч кезінде аяғын сындырып алды. Бірақ кездесу соңына дейін шыдады (видео)
Төреші матч кезінде аяғын сындырып алды. Бірақ кездесу соңына дейін шыдады (видео)

Ол ойынды тоқтатып, медицина қызметкерлерінің көмегін сұраған

Нидерланды футболында таңғаларлық жағдай орын алды. Ел кубогы аясында кездескен «Квик Бойс» пен «Катвейк» арасындағы матч кезінде бас төреші Роб Диперник ауыр жарақат алған.

Матч басталар сәтте аяғын дұрыс қоя алмай қалған арбитр, ауырлық сезінеді. Ол ойынды тоқтатып, медицина қызметкерлерінің көмегін сұраған. Тек аяғының ауырған бөлігін біршама мұздатқан соң ғана ол өз жұмысын жалғастырған. 

Медициналық тексеруден кейін 31 жастағы төрешінің жіліншігінің сынғаны анықтаған. Ол ойынның негізгі уақыты аяқталғаннан кейін қосымша 2 минутты және тағы да қосымша жарты сағатты атқарып шыққан. Кездесу 3:2 есебімен «Катвейктің» пайдасына аяқталған.

https://youtu.be/Rdq0yXFB6Wc