Жаңаөзендегі жер үйлердің арасынан жаңа туған нәресте табылды
Жаңаөзендегі жер үйлердің арасынан жаңа туған нәресте табылды
©Сурет интернеттен алынды
195
оқылды
 Жаңаөзендегі "Рахат" ықшамауданы маңындағы жер үйлер орналасқан көшелердің бірінен жаңа туған сәби табылды.
Нәрестенің  дене қызуы көтеріліп, 31  градусты көрсеткен.  Оның үстіне, сәбидің кіндігі дұрыс кесілмеген. Сондықтан сәбиді бірден жедел-жәрдем Жаңаөзендегі көпбейімді қалалық ауруханаға жеткізіп, полицияға хабарлаған.
"Қазіргі уақытта нәресте жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың жағдайы ауыр, бірақ бір қалыпты. Бала өздігінен демала алады. Дегенмен ылғал оттегі беріліп отыр. Баланың қай жерде және қай кезде туғаны әлі белгісіз. Жағдай жақсарғаннан кейін, сәбидің тағдырын қамқоршылық бөлімі шешеді" деп хабарлады департамент. Сәбидің салмағы - 2 келі 740 грамм, бойы - 49 см.