Хат танымайтын және құжаты жоқ ана мен бала табылды
Хат танымайтын және құжаты жоқ ана мен бала табылды
©Сурет интернеттен алынды
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында фермерлік шаруашылықтың бірінен 1988 жылғы әйел мен 8 жасар бала табылды. Ана мен қыздың ешқандай құжаты жоқ, хат танымайды. Әйел сөйлесуден бас тартқан. Қазір келіншек Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендер үйіне жеткізілді.
    "Қызы мектепке бармаған, ойыншықтың не екенін білмейді. Қазір анасы мен баласына мединициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Өзінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қазір оның кім екенін анықтау және құжат жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді СҚО ПД Криминал полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.