Үй қызметшісі үйдегі алтын бұйымдарды ұрлап әкеткен
Үй қызметшісі үйдегі алтын бұйымдарды ұрлап әкеткен
©Сурет интернеттен алынды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 29 жастағы әйел пәтер жуып, тазалаумен күн көрген.
Келіншек кезекті бір пәтерді тазалауға келгенде үй иесінің бақылап тұрмағанын пайдаланып, алтын бұйымдарды тонап әкеткен.
Кейін үй иесі бұйымдардың жоғын көріп, полицияға шағымданған. Заттай айғақтар алынып, айыпталушы тұтқындалды. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Қазір полиция қызметкерлері оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.