Білім министрі әкесінен ерте айырылыпты
Білім министрі әкесінен ерте айырылыпты
©Сурет интернеттен алынды
165
оқылды
Отбасы күніне орай министр балалық шағы еске алды. Айтуынша, ол әкесінен жастайынан айырылған.
«Көпбалалы отбасында дүниеге келдім: менен бөлек отбасымызда тағы бес бала еді. Әкем 6 жасымда қайтыс болды, сол кезде  бүкіл ауыртпалық анама түсті. Ол кезде анам 40 жасқа да толмаған еді. Бірақ маған біраз жасқа келіп қалғандай көрінді. Өзім сол жасқа жеткенде анамды түсіндім. 90-жылдар, заман қиын еді. Ол кезде ауылда тұрдық. Сонда анам жұмыстан бөлек бізді бағып-қарап,  шаруашылықпен де айналысты", - деп жазған Аймағамбетов.
Министр айымен бөлісе отырып,  барша қазақстандықтардың отбасыларына береке тілеп, мерекемен құттықтады.