Ақша үшін өз қолын өзі кескен қыз
Ақша үшін өз қолын өзі кескен қыз
©Сурет интернеттен алынды
390
оқылды
Қыздың ойы жүзеге асса сақтандыру компаниясы оған миллион евро төлер еді.
Шарт бойынша бойжеткен қандайда бір жағдайға ұшыраса, бірден миллион евроның жартысы төленеді. Ал қалған бөлігі тең бөлініп, төлемақы ретінде ай сайын төленеді екен.  
ABC News мәлімдеуінше, словениялық қыз мұндай қадамға бармай тұрып, бірнеше сақтандыру компаниясымен келісімшартқа отырып алған. Содан Юлия жігітіне қолын айналма арамен кестіртіп, екеуі бірден ауруханаға барған. Олар бұл жағдайды оқыс оқиға деп тіркеткен. Кесілген қолын әйдейі үйге тастап кеткен. Сонда қыздың қолы қайта тігілмей, мүгедектік топқа жатқызылар еді. Істі  тергеу барысында Юлияның жігіті  интернеттен «жасанды  қолдың қалай жұмыс істейтіні» жайында іздеген ақпараты айғақ деп табылды. Олар сақтандыру бойынша алаяқтық жасағаны үшін  сотталды. Қыз – екі жылға, жігіт үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ал полицейлер қыздың кесілген қолын тауып алды. Оны Юлияға қайта тігіп берді.